Күзет агенттігін таңдарда, оның сенімділігі мен жете білушілігіне көз жеткізердей дәлелдер табуыңыз керек.
«Азамат» күзет агенттігі осы талаптарға сай қызмет көрсете отырып, сіздің өміріңіз бен мүлігіңізді қорғай біледі.
Компанияның басты бағыты – адам өмірі мен мүлігін күзету. Бұл агенттікте жеке оққағар немесе мекеме үшін күзетшілер тобын және бағалы жүкке қарулы күзет жалдауға болады. Осы мақсат үшін Семей қаласында тек «Азамат» агенттігінде ғана броняланған автомобиль бар. Клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өз ісінің шеберлері осы агенттіктің – мақтанышы. «Азамат» агенттігінің барлық қызметкерлері – денсаулықтары мықты, шыныққан, қару пайдалануға құқықты, «Барс», «Динамо» ҚР ІІД оқу орталықтары берген күзетші куәліктері бар адамдар.
«Азамат» күзет агенттігі жоғары деңгейде қызмет көрсетуге арналған барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Күзетілетін обьектілердің барлық шұғыл дабылдарын агенттіктің тәулік бойы кезекшілік атқаратын бөлігі қабыл алады. Агенттіктің жеке өз көлігі бар.
Өз өміріңіз бен мүлігіңізді қорғау үшін «Азамат» күзет агенттігін таңдаңыз!